-
ДУЙСЕНОВА КЕНЖЕАЙЫМ ТУРСЫНБАЕВНА
Дуйсенова Кенжеайым Турсынбаевна 05.03.1971 жылы дүниеге келген.
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі: 32 жыл.
Білімі жоғары:
1989-1993 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының педагогика факультетінде оқып, «Мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.
1999–2002 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде филолгия факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған.
2021–2023 жылдары Орталық Азия Инновациялық университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
2018 жылдан бастап біліктілік санаты – педагог-шебер, 2024 жылы қайта растаған.
Педагогикалық қызметі барысында білім алушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданады.
-
САРСЕНБАЕВА РАБИГА ЗАМАНБЕКОВНА
Сарсенбаева Рабиға Заманбековна 1972 жылы 7 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Түркістан қаласындағы 15-інші мектептің орыс сыныбын аяқтап, Түркістан қаласындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1992 жылы аяқтады. Сол жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепке мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі қызметіне қабылданды. Осы білім ордасында үздіксіз жұмыс істеп келеді. Еңбек өтілі 33 жыл. Қазіргі таңда педагог-шебер, педагогика ғылымының магистрі
-
ӘЛШЕРІ АЙНҰР ӘКІМХАНҚЫЗЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
санаты: педагог - шебер,
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері
-
ТАСКЕНТБАЕВА ЗАМИРА МАХАТАЕВНА
Ағылшын тілі пәні мұғалімі,
санаты: педагог - зерттеуші,
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісінің иегері