М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

🕊1 мамыр – еліміздегі бейбітшілік пен татулықты, ынтымақ пен достықты ұлықтайтын ерекше мейрам. Бұл күн – көпұлтты Қазақстан халқының ортақ мүдде мен мақсат жолында біріге өмір сүріп жатқанын паш ететін, әр ұлт өкілінің мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттайтын маңызды мереке.

Осыған орай М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте МАД «В»сыныбының педагогы Ұ.Шәріпбектің жетекшілігімен 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне "Достығымыз жарасқан"тақырыбында іс-шара өткізді.

✅Мақсаты : Бүлдіршіндерге түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы ынтымақ пен бірліктің маңызын ұғындыру.

🎤Балалар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, би билеп , достық туралы әндер орындады. Балалар шараға белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бұл мерекелік жиын бүлдіршіндер үшін қызықты да әсерлі өтті.

✅Біртұтас_тәрбие

Толық ақпарат Facebook парақшамызда