"БАЛДЫРҒАН" ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫ .
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңы 26.05.2026.ж. күнінен бастап өз жұмысын бастады. Жазғы алаңға 1–5-сынып оқушылары тартылып, барлығы 120 бала 4 топқа бөлінді.Алаң жұмысы арнайы күн тәртібі негізінде жүргізіледі. Әр топпен тәрбиешілер жұмыс жүргізеді.Жазғы сауықтыру алаңының жұмыс уақыты күн сайын сағат 09:00-ден 12:30-ға дейін ұйымдастырылған. Осы уақыт аралығында оқушылармен түрлі танымдық, тәрбиелік және спорттық іс-шаралар өткізіліп, сурет және спорт үйірмелері жұмыс жасайды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау қатаң бақылауға алынған. Оқушылардың келіп-кету уақыты арнайы бақылау журналына тіркеліп, тәрбиешілер тарапынан үнемі қадағаланады. Сонымен қатар алаңдағы күн тәртібі мен тәрбиешілердің жұмыс жоспары мектеп директоры тарапынан бекітілген.
Жазғы сауықтыру алаңының негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасау. #Жазғысауықтыруалаңы #Көңілдіжазғыдемалыс





