2025 жылғы 30 маусым күні М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңында 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған
«Бақытты бала - мәңгілік ел кепілі» мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың шат-шадыман көңіл күйін қалыптастыру, таланттарын ұштап, жазғы демалысты қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау.
Оқушылар сахна пердесін Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл »әнімен ашты.
Аудандық өнер фестивалінде бас жүлде иеленіп,кеше ғана облыста өнер көрсетіп келген бишілер тобы мен жеке орындаушы Әбдіразақ Рано «Рухты ару» әнімен сахна шырайын келтірді.
Шараны ашып беру және мерекелік лебізін білдіру үшін мектеп директоры Айнұр Сыздықәліге және Көксарай ауыл әкімшілігінің әлеуметтік маманы Мамақов Мырзағалиге сөз кезегі берілді,
Балаларды мерекемен шын жүректен құттықтап, олардың әрқайсысының болашағы жарқын, армандары асқақ болуын тіледі. Сонымен қатар, жазғы демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін арнайы ұйымдастырылған «Балдырған» лагерінің маңыздылығын атап өтіп, бұл алаң балалардың шығармашылық қабілеттерін, достық қарым-қатынасын және белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Түркістан қаласында өткен облыстық өнер фестиваліне қатысқан оқушыларды мектеп директоры арнайы марапаттады.
Іс-шара барысында балаларға демеуші ата-аналардың ,жеке кәсіпкерлер мен мектеп бітіргендеріне 20жыл толған мектеп түлектері тәтті сыйлықтар мен балмұздақтар тарқатты.
Мерекелік көңіл күй мен шат күлкіге толы бұл күн оқушылардың есінде ұзақ сақталатын ерекше сәттердің біріне айналады деп сенеміз.