М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

20 наурыз-Ұлттық спорт күні.

НАУРЫЗНАМА 2025:

20 наурыз-Ұлттық спорт күні.

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Асық ату" үйірмесінің жетекшіс Жасұзақ Абайдың ұйымдастыруымен 20 наурыз-Ұлттық спорт күніне орай қазақтың дәстүрлі ойындарын дәріптеу мақсатында "Асық ату" және "Бес асық" челленджін ұйымдастырылды.

Бұл шара ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттырып, жастарды ұлттық мәдениетке баулу.

Шара барысында асық ату ойыны өтілді. Қатысушылар дәлдік пен ептіліктерін сынап, түрлі әдістермен ойнады. Бұл ойын қатысушыларға ерекше қызық пен серпін сыйлады.

Қатысушылар бес асықты әртүрлі әдіспен лақтырып, қағып алу шеберліктерін көрсетті. Бұл челендж қазақтың көне ойындарын жаңғыртып, оларды кеңінен насихаттауға ықпал етті.

Шараның басты мақсаты-ұлттық ойындарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қазақтың мәдени мұрасын жас ұрпаққа жеткізу. Қатысушылар ұлттық ойындардан ерекше әсер алып, дәстүрлі спорттың маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда