М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

23 Сәуір- "Ұлттық кітап күні"

Бүгінде елімізде "Адал азамат "

біртұтас тәрбие бағдарламасының

" Балалар кітапханасы" жобасы аясында жүзеге асыру және тәжірибе енгізу мақсатында 23 Сәуір- "Ұлттық кітап күні" мерекесіне орай 16- 23 сәуір аралығында тақырыптық жоспарға сәйкес кітап апталығы ұйымдастырылды.

Мектебімізде 4 "Б" сынып оқушыларымен "Демалыс.Кітап.

Керемет көңіл күй" тақырыбында табиғат аясында жасыл шөптің үстінде жайғасып,әрқайсысы өзіне ұнаған кітапты қызыға оқыды.Табиғаттың әсем көрінісі мен құстардың әуені балалардың көңіл күйін көтеріп,оқу процесін одан әрі қызықты етті.

Кітап - білімнің сарқылмас қазынасы.Оқушылар әр кітаптың бетін ашқан сайын жаңа әлемге саяхат жасап,түрлі кейіпкерлерді суреттеп бейнеледі.Оқушылар тек кітап оқып қана қоймай,бір- бірімен пікір алмасып,өз ойларын ортаға салды.Таза ауада кітап оқу- әрі пайдалы ,әрі қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік береді.Керемет көңіл күй мен жақсы әсер әр баланың жүрегінде сақталып қалды. #адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы #ҚРОқуағартуминистрлігі #БалаларКітапханасы

#ҰлттықКітапкүні

#РеспубликалықғылымиПедагогикалықКітапхана

#Онкүндік

#Адалазамат

#МұхтарӘуезовмектеп

#Әдістемеліккабинет