Түркістан облысы
Отырар ауданы
« М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16.06.2025 жыл "Түлек- 2025» атты аттестат беру кеші өткізілді. Аттестат тапсыру кешін мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызының құттықтау сөзімен ашылды. Оқушылар хормен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
9-сыныптар бойынша 76 оқушы, соның ішінде 47 ұл бала, 29 қыз бала оқу жылын аяқтады. 13 үздік оқушы, 30 оқу екпіндісі оқу жылында жоғары білім сапасын көрсете білді.
Қызыл аттестаттқа ие болған оқушылар: Болысбек Анель, Юсупова Бану, Такура Инабат, Мұхтарова Несібелі, Иляс Ақтілек, Оңалбек Қасиет,Қалықұл Ерасыл, Пәзілхан Ардақ,
Тастанбек Назерке, Сейтхан Нұрай, Уәзірхан Жанерке, Арал Жасұлан, Амангелді Шырай. Мектеп директоры қызыл аттестат иегерлерін арнайы құттықтады . Біз осындай білгір де білімді келешек ұрпақтың болашағы жарқын және нық екеніне сеніммен қараймыз.