Түркістан облысы. Отырар ауданы. 05.02.2026 жылы "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жаратылыстану" пәндік бірлестігінің айлық іс-шарасы барысында "Адалдық - мәңгілік құндылық" жобасы аясында химия пәнінің мұғалімі Жусипова Шаризат Мұстафақызының ұйымдастыруымен мектебіміздің алдыңғы буын ұстаздарымен тәжірибе алмасуға негізделген «Адал азамат- ел болашағы, өнегелі ұстаздар соған жол ашады» атты тақырыбында іс-шара өткізді. Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты мен өзектілігін көпшілікке дарыту.
Түрлі кезеңдер бойынша «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсатын, мазмұнын, өзектілігін, негізгі тетігін, бағдарламаның үш деңгейін және білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне, құндылыққа және құзыреттілікке бағдарланған тәсілдерді қамту арқылы
тәрбие жұмысының 6 жобасы бойынша оқушыларды нақты құндылықтарға баулу жолдарын өнегелі ұстаздар өз тәжірибелері бойынша сабақта құндылықтарды дарыту үдерісін әріптестеріне айшықтап түсіндіріп берді. Сонымен қатар ұлағатты ұстаздар ұлттық құндылықтарды түрлі көріністер арқылы ұлықтап, жастарға өнеге көрсете білді.





