М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Адам денсаулығына экологияның әсері тақырыбында танымдық сабақ өткізілді

Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.02.2026 жылы "Ұлттық құндылық пен цифрлы жаратылыстану: ғылым мен технология үндестігі"айлығының іс-шара жоспары аясында"Жасыл клуб" және "Экологиялық мәдениет" үйірмесінің жетекшілері Байболаева Ұлбосын мен Сайлау Әйгерімнің ұйымдастыруымен Адам денсаулығына экологияның әсері тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының өзара тығыз байланысын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру.

Сабақ барысында ауа, су және топырақтың ластануы адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы айтылды. Оқушылар өндіріс орындары, көлік түтіні, тұрмыстық қалдықтар мен пластиктердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын талқылады.Сабақта экологиялық қозғалыстар мен ұйымдар туралы ақпарат берілді.Оқушылар топтық жұмыс жасап "Таза ауа - денсаулық кепілі"тақырыбында сурет салып постер қорғады.