«Алтын күз аруы» сайысы болып өтті.
Күз – табиғаттың ерекше бір кезеңі. Бұл мезгілдің басты көрінісі – айналаны сары алтынға бөлейтін жапырақтардың түсі. Алтын күзде табиғат өзінің бар сұлулығын паш еткендей әсер қалдырады.
Алтын күз – шығармашылық шабыттың көзі.
Оқушыларға осы бір күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, сынып жетекшісі Оспанов Әбдірасул және мектеп тәлімгері Рахимова Гүлнұрдың ұйымдастыруымен 7 "В" сынып оқушылары арасында "Алтын күз аруы” сайысы болып өтті.
Сахна фонындағы жасанды мақта, сарғайған жапырақтар, қолдан жасалған жемістер мен көкөніс макеттері, күздің молшылық пен байлық маусымын екенін көрсетіп тұрды.
Сайыста қыздар “Таныстыру”, “Ас мәзірі”, “ Сән үлгісі”, “ Өнерің өрге жүзсін ” кезеңдерімен сынға түсті. Қатысушы сынып арулары әр кезеңге үлкен дайындықпен келгенін байқатып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр кезеңдер арасында Шамил Нұрасыл, Темір Хамзақожа күз туралы әндерін шырқап қатысушыларға шабыт беріп отырды. Сынып ұлдары ақындарымыздың күз туралы өлеңдерін жатқа оқып тақырыпты одан әрі аша түскендей.
Сайыс қорытындысында қазылар алқасы қатысушы аруларды әр түрлі номинациялармен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.
Қорытынды сөз сөйлеген мектеп директоры Айнұр Әбдіғапбарқызы «Алтын күз мерекесі» – осы табиғат сұлулығын дәріптейтін, адамның жүрегіне жылу ұялататын әсерлі шара екенін атап өтті және осы іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын айтып, жоғары бағасын берді.