“М.Әуезов атындағы жбб мектеп” кмм “ Балауса” бастауыш бірлестігінің “Жаңашыл ұстаз-цифрлы әлемде” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес бүгін 28.01.2026 ж 3 «Ә, Б» сыныптар арасында "Алтын сақа " интеллектуалды сайысы болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және топпен жұмыс істеуге баулу.Ұлттық құндылықтарды заманауи форматта жаңғырта отырып,оқушылардың ой ұшқырлығын,тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс барысында оқушылар "Зеректер"," Алғырлар" тобы болып сынға түсті.Сайыс: 1.Таныстыру
2.Бәйге
3.Ханталапай
4.Тапқыр болсаң тауып көр
5.Жеті жұрттың тілін біл
6.Ақыл ой алаңы аты кезеңдерден сүрінбей өтіп, оқушылар өздерінің білімге деген құштарлығын көрсетті. Сайысқа қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндерінен сұрақтар дайындалды. Сайыс қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапатталды:
«Жылдам ойлайтын топ»
«Үздік ынтымақты топ».
Іс-шараны ұйымдастырған 3 «Ә,Б» сынып жетекшілері: Дәрібекова Бақыт, Әлшері Жарқынай





