М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Асық ату ойыны-ұлттық тәрбие көзі"

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.02.2025 жылы атаулы күндерді атап өтуге байланысты "Ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Іляс Жансүгіровтың туылғанына 130 жыл" толуына орай асық ату ойынынан 4-7 сыныптар аралығында мектепішілік жарыс өтілді.

Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналатын ойын. Күндізгісі мергендікке, түнгісі-ептілікке баулиды.

Мақсаты: Асық ату ойынын дәріптеу және оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды спорттық ойындарға баулу болып табылады.

Жарысқа мектептің 4-7 сынып оқушылары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша: Жүлделі І-орынды 7 "Ә"-сынып оқушылары жеңіп алды, ІІ-орынды 4 "В"-сынып оқушылары иеленді, ал жүлделі ІІІ-орындар 6 "В"-сынып және 6 "А"-сынып оқушыларына бұйырды. Сондай-ақ, ойында жақсы ойын көрсеткені үшін үздік ойыншы Әлібек Әлихан марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сеңгірбеков. Өркен және Қосымша білім беру педагогы Ахмет. Әбдіманап құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалап, мектеп директорының алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл жарыс оқушылардың асық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыруға дамытуға ықпал етті. Ұлттық ойындарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізейік!

Толық ақпарат Facebook парақшамызда