М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ Балауса” бастауыш бірлестігінің айлық іс- шарасының жабылуы болып өтті.

“М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ

“ Балауса” бастауыш бірлестігінің айлық іс- шарасының жабылуы болып өтті.

Тақырыбы: «Жаңашыл ұстаз – цифрлы әлемде»

Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлы әлемде жаңашыл әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. Цифрлы әлемде жаңашыл әдістерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру және білім беру процесін инновациялық технологиялармен байыту.

Ұраны: «Біліммен биікке самғаймыз”

Бүгін біз бастауыш сыныптар айлығының қорытындысын жасап, мазмұнды да мағыналы бір айды аяқтап отырмыз. Осы уақыт аралығында оқушыларымыз түрлі танымдық шараларға қатысып, білімге деген қызығушылықтарын арттырды, өз өнерлері мен қабілеттерін көрсете білді.

Бастауыш – білімнің іргетасы. Сол іргетастың берік қалануына аянбай еңбек еткен бастауыш сынып мұғалімдеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Ал оқушыларымызға алдағы оқу жолында тек биіктерден көрініп, білімді де тәрбиелі азамат болып өсуіне тілектеспіз.

Бастауыш сыныптар айлығы өз мәресіне жетті. Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет! Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз мол болсын! Бірлестік жетекші:  Айдарханова Алмагүл Серікқызы

 

Толық ақпарат facebook парақшамызда