"Балдырған" сауықтыру алаңында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 27 мамыр күні М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы "Балдырған" күндізгі сауықтыру алаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Отырар АПБ-нің ЮПТ аға иниспекторы полиция подполковнигі Талғат Меңлібаев, учаскелік инспекторы Н. Қасымов қызметкерлері қатысуымен жол ережелері мен қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жас жеткіншектерге:
Жаяу жүргіншілерге арналған жол ережелері;
Жол белгілерінің маңызы;
Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері;
Жаз мезгіліндегі судағы, оттағы және көшедегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Балалар сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Полиция қызметкерлері балаларға арнап ескертпе парақшалар таратып, "Сақ бол! Қауіпсіздік – басты міндет" ұранын атап өтті.
Бұл шара балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жазғы демалыста өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
# жол ережесін білейік
# қауіпсіз орта