М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» атты тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» атты тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Бұл тақырып – қазіргі қоғам үшін аса маңызды бағыттардың бірі. Себебі білім – ел дамуының негізі, ал оны қолдау – мемлекеттік саясаттың басты міндеті. Жаңа Конституцияда әрбір азаматтың сапалы білім алуға құқығы айқындалып, білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Білімді ұрпақ – елдің интеллектуалдық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Сондықтан бүгінгі жас буын тек білім алып қана қоймай, оны өмірде дұрыс қолдана білуі, өз елінің болашағына үлес қосуға ұмтылуы қажет.

Қазіргі таңда әрбір оқушы өз білім деңгейін арттыруға, жаңашылдыққа ұмтылып, заман талабына сай дамуға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі саналы, білімді және белсенді жастар ғана еліміздің тұрақты дамуына негіз болады.

Біз, 11-сынып оқушылары мен жетекшілері баршаңызды білімге ұмтылуға, өз-өзіңізді дамытуға, кітап оқуға және ел болашағына бейжай қарамауға шақырамыз. Әрбір алынған білім – жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.

Білімді болыңыздар, ой-өрістеріңіз кең болсын! Өйткені білімді ұрпақ – мемлекеттің тірегі!