М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Білімнің биік шыңын бағындырған сәт

Білімнің биік шыңын бағындырған сәт

Әрбір жеңістің артында маңдай тер мен табанды еңбек жатады. Көкшетау қаласында өткен республикалық пәндік олимпиада — білімділердің додасы, талаптылардың нағыз сынағы болды. Осы додада М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Қалдыбай Ұлту білімінің тереңдігін танытып, ІІ дәрежелі диплом иеленді.

Ұлту — тек өз мектебінің ғана емес, туған елінің үмітін арқалаған жас буын өкілі. Оның жеңісі — өшпес еңбектің, үздіксіз ізденістің, үлкен арман мен асқақ мақсаттың нәтижесі. Ал оның жетістікке жету жолындағы сенімді серігі, бағыт-бағдар беруші ұстазы Таскетбаева Замираның еңбегі ерекше.

Бұл жеңіс — білімге ұмтылған жанның жігері мен ұстаздық мейірімнің жарасымды үйлесімі. Алда әлі талай биіктер бар. Қалдыбай Ұлтудың алар асулары көп болғай!

Білім жолында жасалған әрбір қадам — ертеңгі ел ертеңінің жарқын кепілі екенін ұмытпайық.