М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР”

“БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР”

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектебімізде 7-сынып оқушыларының қатысуымен тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара 7-сынып жетекшілері Мамырайым Ж., Жусипалиева Ә., Жумабекова Э., Сейтхан Ж., Асилханова Жадыраның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен достықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымақты насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақты Отанды сүюге, өзге ұлт мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.

Кеш барысында оқушылар бірлік тақырыбында мазмұнды ой қозғап, әсерлі көрініс қойды. Сонымен қатар, күміс көмей әншілер орындауындағы әсем әндер мен мың бұралған бишілердің өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Түрлі ұлттардың мәдениетін дәріптеген билер – египет, қазақ, корей, грузин және заманауи “THAT THAT” биі – кештің көркін аша түсті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында алда келе жатқан Әкелер мерекесіне орай ардақты әкелерімізге құрмет көрсетіліп, жүрекке жылы лебіздер айтылды.

Кештің қорытындысында “Бірлігіміз жарасқан” әні орындалып, бірлік пен татулықтың маңызы тағы бір мәрте айқындалды. Қатысқан қонақтар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, жылы пікірлерімен бөлісті.

✨ Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!

Толық ақпарат facebook парақшамызда