М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұбт нәтижесі-шәкірт пен ұстаз еңбегінің өлшемі"

"Ұбт нәтижесі-шәкірт пен ұстаз еңбегінің өлшемі".Бүгін мектебімізде М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары арасында тілдер мерекесіне арналған шеберлік сабақ байқауы өтті.Сабақтың мақсаты:Білім алушыларға ҰБТ-ның мәні мен маңызын түсіндіру,ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің нәтижесі ретінде қарастыру,оқушыларды білімге құштарлыққа,жауапкершілікке және табандылыққа тәрбиелеу.Іс-шараны ұйымдастырған Бекболат Толқын,Тоқсанбаева Айгүл,Кизбай Жайна апайлардың ұйымдастыруымен өткізілді.Байқау барысында оқушылар өз ойларын көркем тілмен өрнектеп, шығармашылық шеберліктерін көрсете білді. Бұл шара оқушылардың тілге деген құрметін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.Бұл сайыста тек ең алғыр,ең зерек, ең тапқыр оқушылар сынға түсіп,кезең бөліктерінен сүрінбей өтіп,үш тілде еркін жауап берген Қалдыбай Ұлту жеңімпаз атанды.Барлық түлектерді жауапкершілікпен еңсерген еңбектері үшін құттықтаймыз!

Ұстаздарға шәкірт тәрбиелеудегі адал еңбегі мен қажырлы қызметі үшін алғыс білдіреміз.

Білім жолындағы табыс – баршамыздың ортақ жеңісіміз!