ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медбикесі Бегимбетова Гүлмира бастауыш сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушыларға
Денсаулықты сақтау мен аурудың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – дұрыс және теңгерімді тамақтану. Медициналық қызметкерлер ретінде біздің міндетіміз – денсаулыққа қауіп төндірмей, ағзаның дұрыс дамуына жағдай жасайтын тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
1. Дұрыс тамақтанудың маңызы
Ағзаны қажетті ақуыз, май, көмірсу, дәрумен және минералдармен қамтамасыз етеді;
Иммунитетті күшейтеді, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады;
Балалардың өсуі мен мидың дамуын жақсартады;
Семіздік, қан аздық, қант диабеті, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.
2. Тамақтанудың негізгі қағидалары
1. Тәртіппен тамақтану – күніне 4 рет: таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас.
2. Тепе-теңдік – тағам құрамындағы ақуыз, май, көмірсу мөлшерінің баланста болуы.
3. Әртүрлілік – көкөніс, жеміс-жидек, балық, ет, сүт өнімдерін алмастырып қабылдау.
4. Қант пен тұзды шектеу – тәтті сусындар, фастфуд, көп тұздалған өнімдерден бас тарту.
5. Су ішу тәртібі – күніне кемінде 1,5–2 литр таза су.
6. Табиғи тағамды таңдау – жылыжай, консервіленген тағамдарды емес, табиғи, жаңа өнімдерді пайдалану.
3. Мектеп жасындағы балалар үшін ұсыныстар
Таңғы ас міндетті: ботқа, жұмыртқа, сүзбе, жеміс.
Тәтті газдалған сусындарды шектеу, орнына су немесе компот ішу.
Чипсы, фастфуд, қуырылған тағамдардан бас тарту.
Күн сайын кемінде 400–500 г көкөніс пен жеміс тұтыну.
Сүт өнімдерін (айран, йогурт, сүзбе) күнделікті пайдалану.
Мектептегі буфетте пайдалы тағамды таңдау дағдыларын қалыптастыру.
Үйде пайдалы тамақ мәдениетін қалыптастыру;
Теледидар, телефон қарап отырып тамақтануға жол бермеу;
Отбасымен бірге отырып тамақтану – баланың дұрыс дағды қалыптастыруына көмектеседі
5.Медициналық қызметкерлердің міндеті
Оқушылардың бойы мен салмағын тұрақты бақылау;
Ас мәзірінің сапасын тексеру;
Витамин жетіспеушілігі немесе семіздік белгілері байқалса, алдын алу шараларын жасау керектігі жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.





