М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Дені сау ұрпақ ел ертеңі"

Түркістан облысы Отырар ауданы

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.04.2025 жылы "Дені сау ұрпақ ел ертеңі" атты тақырыпта, Дене шынықтыру пәні бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес Кәдірбердиев Жандардың ұйымдастыруымен шахматтан мектепішілік жарыс өтілді.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Шахмат ойыны балалардың ойлау, байқампаздық, зейіндік қабілеттерін дамытады.

Ойынның қорытындысы бойынша: Бектай Жігер 1-орын, Амантай Рамазан 2-орын, Төленбаев Абдулахат және Ділдәбек Мирасхан 3-орын. Ал Назарбек Рамазан үздік ойыншы атанды.

Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы оқушыларды марапаттап, оқушыларға сәттілік тілеп, биік белестерді бағындыра беруілеріне тілек білдірді.