М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Достық қарым-қатынас» тақырыбында тренингі өткізілді

М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29.01.2025 жылы педагог-психологы Гүлмира Серікбаеваның ұйымдастыруымен және 9 «Б»,«В» сынып жетекшілері Г.Туганбаева, Л.Байдарбекованың жетекшілігімен сынып оқушылары арасында «Достық қарым-қатынас» тақырыбында тренингі өткізілді.Мақсаты: оқушылар арасындағы достық қарым қатынасты нығайту.Оқушыларды шынайылыққа, сыпайылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.Ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-

бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру.

📎Тренинг нәтижесінде оқушылар өзара түсіністік дағдыларын қалыптастырды. Бағытталған топтық тренинг барысында мейірімділікті,бір-біріне деген байланысты,өз ойларын шынайы жеткізе білуді қалыптастырды.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда