2025 жылдың 6 ақпанында «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі Алжанова Бахыткүлдің ұйымдастыруымен 4 «А»сынып оқушыларын қатыстыра отырып « Есіңе мені алғайсың» атты Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кеш өтті.
Мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдерінің мазмұнын терең түсіндіру, шығармалары арқылы елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, сұлулық әлеміне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.
Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалды және ақынның «Отан», «Үш бақытым», «Қарасаз », «Досыма», «Түсіме жиі кіреді», «Туған ауыл», «Пай, пай ,өмір », « Шеше ,сен бақыттысың », «Арыз жазып кетейін», өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Оқушылар көрермендерге «Бала шақтан - болашаққа » атты өлеңнің мазмұнын көрініс арқылы жеткізді.
Оқушылар белгілі компазиторлар әнін жазған «Қайран шешем», «Құттықтаймын мама,туған күніңмен», «Есіңе мені алғайсың» әндерін орындады.
Әдеби сазды кеш рухани-адамгершілік тұрғысынан байып, поэзия сүйер оқушылардың шығармашылықпен айналысуына үлкен шабыт сыйлады.Кеш қонағы Отырар ауданы ІІБ ЮПТ капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы қатысып, оқушыларға жақсы тілегін жеткізді. Кешті мектеп директоры А. Сыздықәлі қорытындылап, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап,сынып жетекшісінің жұмысын жоғары бағалады.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Алтаева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ерден қатысты .
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек!