Түркістан облысы Отырар ауданы
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.02.25 жылы 7 "ә" сынып оқушыларының арасында "Есірткісіз болашақ тақырыбында" керемет тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатымызда оқушылар 2 топқа бөлініп өз білімдерін, өнерлерін, қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп марапатқа ие болды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар өз топтарын таныстырып, екінші кезеңде мектеп психологтарының сұрақтарына жауап берді. Ал 3ші кезеңде оқушылар денсаулық, нашақорлық тақырыбында мақал-мәтелдердің жалғасын табудан жарысса, 4 ші кезеңде оқушылар ситуациялық сұрақтарға логикалық тұрғыда жауап берді. Ал 5 ші кезеңде оқушылар нашақорлық тақырыбында сахналық қойылым көрсетіп өздерінің жаңа қырларын көрсете білді. Әсіресе Төленбаев Абдулахат пен Оңал Нұртас оқушыларымыз нағыз актёрлық шеберліктерін көрсете білді. Алтыншы " Ойлан, тап" кезеңінде оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын танытып сөздердің жауабын жылдам таба білді. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңында оқушыларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп , тәрбие сағатының өте жақсы өткендігін айтып оқушыларға өз алғысын білдірді. Сөз соңында мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр апайымыз сөз сөйлеп оқушыларды жеңістерімен құттықтап марапаттады.