М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Интеграцияланған оқыту барысында тілдік дағдыларды қалыптастыру" айлығының аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бозымбаева Айгул, информатика пәнінің мұғалімі Сейтхан Жазира бірлесе отырып ағылшын және информатика пәндерінің интеграцияланған "Фильмдер" (films) тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: жасанды интеллектіні қолдана отырып, оқушыларға фильмдер туралы кеңінен ақпарат беру;
Сабақта фильм жанрлары туралы айтылып, оқушылар VR құрылғысымен фильмдер көріп, түрлі сұрақтарға жауап берді.
Сабақ барысында
тақырыпты ашу үшін "бөтелкедегі жазулар"
бағалау үшін "попкорн"
үй тапсырмасын сұрау үшін "Entry ticket" (кіру билеттері) кері байланыс беру үшін "Exit tickets" (шығу билеті)
әдістері қолданылды.