М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

География патшалығындағы бір күн

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.02.2025 жылы "Жаратылыстану" пән бірлестігінің айлық іс- шарасының жоспарына сәйкес 5 "Ә" және "Б" сыныбының оқушылары,сынып жетекшілері:Жанбатырова Аийда мен Бурабаева Мақпал апайларымыздың ұйымдастыруымен "География патшалығындағы бір күн" атты географиялық қойылым қойып,көпшіліктің көңілінен шықты.Бұл іс- шараның мақсаты: Жер планетасы,материктер туралы сабақта алған білімін жинақтап одан әрі таным деңгейін арттыру.Әр материкті жете тануға,табиғатты аялап, сүйе білуге тәрбиелеу.Іс- шара барысында оқушылар картамен жұмыс істеп, өздерінің білімді де жан- жақты дамыған,интеллекті жоғары оқушылар екендігін көрсетті.Іс- шара соңында сөз алған мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы оқушыларымызға алғысын білдіріп, болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын жастар болатындығына сенім білдірді.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда