М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Интеграцияланған оқыту барысында тілдік дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында тіл айлығының ашылу салтанаты болып өтті.

Тіл айлығының ашылу салтанаты: Ана тіліміздің мәртебесін арттыруға бағытталған қадам

Бүгін М.Әуезов жалпы білім беретін мектебінде «Тіл таным» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Интеграцияланған оқыту барысында тілдік дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында тіл айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл айтулы шара ана тіліміздің мәртебесін арттыруға, оның қолданыс аясын кеңейтуге, жас ұрпақты тілге деген сүйіспеншілікке баулуға арналады.

Салтанатты шара «Тіл таным» бірлестігінің жетекшісі Р.Әбдіқадырдың құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде тілдің қоғамдағы маңызын, оның әрбір ұлттың рухани байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, тіл айлығының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, оқушылар мен ұстаздарды бұл шараға белсене атсалысуға шақырды.

Салтанатты ашылу бағдарламасы мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сахна төрінде ана тілімізге арналған әндер шырқалды, өлеңдер оқылды, шара барысында тіл айлығы аясында өтетін іс-шаралардың жоспары жарияланды. Сонымен қатар, іс-шара республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтау рәсіміне жалғасты. Биылғы жылы М.Әуезов мектебінің оқушылары үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Қалдыбай Ұлту пәндік олимпиаданың облыстық кезеңде 1-орынмен, 9-сынып оқушысы Қалықұл Ерасыл география пәнінен облыстық кезеңде 1-орынмен, 9-сынып оқушысы Такура Инабат тарих пәнінен 2-орынмен, 11-сынып оқушысы Балтабай Еркежан құқық пәнінен 3-орынмен марапатталды. Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, республикалық кезеңде жоғары көрсеткішке қол жеткізетіндеріне сенім білдіріп, толағай табыстар тіледі.