М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"

"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"

18.03.2025 жылы “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 🌷Наурызнама🌷 онкүндігі бойынша Қарттарға қамқорлық жасау күніне орай “Балалар және театр”, “Жас биолог” және "Экологиялық мәдениет" үйірме жетекшілері Афизова Гүлназ, Рахимова Гулнур және Сайлау Айгерім үйірме оқушыларымен бірлесіп, зейнеткез ұстазымыз Іргебаева Забира апамыздың үйіне барып Наурыз мерекесімен құттықтады. Сый сыяпаттарын табыстап, өлең шумақтарын айтып, батасын алды. Қарттарымыз-біздің алтын қорымыз, олардың өмір тәжірибесі мен ақыл-кеңестерінен үйренеріміз көп. Осы мереке қарсаңында қарттарымызға көмек көрсету, оларға назар аудару қоғамымыздың жоғары адамгершілік құндылықтарын насихаттайды.

Қарттарға қамқор болу – әрқайсымыздың парызымыз!

Толық ақпарат Facebook парақшамызда