М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Қарты бар үйдің қазынасы бар"

"Қарты бар үйдің қазынасы бар"

Бүгін 01.10.2025 жылы “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Дебат және біз ”, “Балалар және театр" "Көркем еңбек қыздар" үйірмелері оқушыларымен жетекшілері Төреханова Айнұр, Кентайбек Толқын, Әбжаппарова Бибізат апайлар болып 1-қазан Қарттар күні мен Ұстаздар күні мерекесіне орай ардагер ұстазымыз Файзулла Аманкүл апайымыздың үйіне барып құттықтап қайтты. Сый сыяпаттарын табыстап, өлең шумақтарын айтып, батасын алды. Қарттарға қамқорлық жасап, қарттарымызға өзіміздің жылы лебізіміз бен қолдауымызды көрсету - біздің парызымыз!

Қарттарымыз-біздің алтын қорымыз, олардың өмір тәжірибесі мен ақыл-кеңестерінен үйренеріміз өте көп. Оларды үнемі құрметтеу, қамқорлық көрсету біздің басты міндетіміз болуы тиіс. Осы мереке қарсаңында қарттарымызға көмек көрсету, оларға назар аудару қоғамымыздың жоғары адамгершілік құндылықтарын насихаттайды.