М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қауіпсіз балалық шақ – қоғамның басты мақсаты

Қауіпсіз балалық шақ – қоғамның басты мақсаты

Отырар Ауданының Білім Бөлімінің М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында маңызды жиналыстар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шаралар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының тапсырмаларына сәйкес жүргізіледі.

Атап айтқанда, оқушылар арасында теріс ағымдар мен қауіпті әрекеттердің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыбындағы жиналыстар 2024 жылдың 25 желтоқсан күні өтті. Іс-шара 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Мақсат – балаларды қауіп-қатерден қорғау

Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен өтетін жиналыстарда қоғамдағы қауіпті үрдістер, интернет желісіндегі теріс бағыттағы материалдарға жол бермеу, сәнді шаш үлгілері мен қымбат киімдерге қатысты мәселелер талқыланды. Бұл – оқушылардың бойында дұрыс құндылықтарды қалыптастырудың маңызды қадамы.

Қорытынды

«Қауіпсіз балалық шақ үшін!» жиналысы жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Аудан әкімдігі мен білім беру бөлімінің осындайлар іс-шараларға ерекше назар аударуы – болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндеттердің бірі.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда