*
"Қауіпсіз балалық шақ" тақырыбындағы тікелей эфир*
2025 жылдың 3 желтоқсаны күні сағат 10-00 де Облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы Түркістан облысы білім алушыларымен, ата-аналарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы жобасы аясында ашық форматта онлайн- кездесу өткізді.
Тікелей эфирдегі кездесуге Отырар ауданы білім бөліміне қарасты М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 3 желтоқсан күні сағат 10-00 де 8-9-10-11 сынып оқушылары қатысты.
Облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы өңірдегі балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, оқушылар мен ата-аналар көтерген мәселелер талқыланды.
-Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру
-Интернеттегі қауіпсіздік
-Зорлық-зомбылықтың алдын алу
-Мектеп пен көшедегі тәртіп
- Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





