Қазақ поэзиясының алыбы – Жамбыл Жабаевқа 180 жыл ![]()
"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
5 «Б» сыныбында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған тағылымды тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, жырларынан үзінділер оқып, ұлттық рух пен сөз өнерінің құдіретін сезінді. Бұл сабақ жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.
Ұлт руханиятының асыл қазынасын дәріптеген осындай мазмұнды шаралар жалғасын таба берсін! ![]()
Сынып: 5 «Б»
Сынып жетекшісі: Туленбаева Мадина





