“Балауса” бастауыш бірлестігінің айлығы аясында
15 қаңтар күні 2 «А» сыныбында Бердібекова Әтіркүл Әмзеқызының Қазақ тілі пәнінен ашық сабағы өтті.
Сабақта суреттерді сөйлету әдісі арқылы мәтін мазмұнындағы чемпиондармен таныстырылып, жатқа жазу арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті дамытылды.
Сонымен қатар Wordwall ойыны арқылы антоним және синоним сөздер тапқызылып, әр оқушы BilimClass карточкалары арқылы өзін-өзі бағалады.
Сабақ өте қызықты әрі тартымды өтті. Мұғалім сабақ мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерді тиімді әрі жүйелі қолдана білді.





