Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.04.2026 жылы "Қазіргі балалар және рухани құндылықтар"тақырыбында өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мазмұнды да мағыналы тағылымы мол шығармашылық сағаты өтті.
Шараның басты мақсаты - жас ұрпақтың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, рухани дүниесін байыту, сондай-ақ білімге деген қызығушылығын арттыру. Кеш барысында оқушылар поэзия уақытында өлең оқып, өз өлеңдерін көркем сөз арқылы жеткізді.Әрбір оқылған туындыда бүгінгі жас буынның ой -талғамы, арман - мақсаты мен рухани ізденісі айқын көрініс тапты.





