М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Түркістан облысы. Отырар ауданы.

"М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 7 сәуір күні білім алушылар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8–11 сынып оқушыларының қатысуымен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы және тұрмыстық тәртіп, есірткі заттарының зияны, буллинг пен кибербуллинг, интернет және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, құмар ойындардың зияны, тыйым салынған заттарды алып жүру, ұрлық пен вандализм, жыныстық қол сұғушылық, көлік құралдарын заңсыз басқару, дропперлік және алаяқтық, сондай - ақ түнгі уақытта көшеде жүрудің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байсбаев Біржан сөз сөйлеп, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылар арасында тәртіпті сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл жұмыстарды ата - аналармен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жалғастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында Отырар АПБ ККБ ЮПТ-ның инпекторы полиция аға лейтенанты Төлеген Нұржан сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері – ұрлық, вандализм, жыныстық қол сұғушылық, дропперлік, интернет алаяқтық және көлік құралдарын заңсыз басқару, рұхсат етілмеген каналдар мен су айдындарына түспеу, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрмеу, мәселелеріне тоқталып, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз әрі саналы ортада тәрбиеленуіне зор ықпал етеді. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда жауапкершілігі жоғары, заңға құрметпен қарайтын тұлға қалыптастыру.

#Адал_Азамат

#Біртұтас_тәрбие

#ЗаңЖәнеТәртіп

#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу

Показать перевод