М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қос қуаныш – жүрекке жылу сыйлар сәт!

Қос қуаныш – жүрекке жылу сыйлар сәт!

Қуанышты сәттің бірі М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 17.03.2025 жылы «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысып, республикалық кезеңінен 3 – орын иеленген физика пәнінің мұғалімі Бойрабай Назерке Ерденқызын ұжым болып қарсы алып, құттықтау іс-шарасы өткізілді. Құттықтау салтанатына аудандық білім бөлімі әдіскері Жақыпбекова Злиха Әсенқызы, М. Әуезов мектебінің әкелер ұйымының төрағасы Өсербаев Темірхан Мырзатайұлы және Көксарай ауылдық қауымдастығының төрағасы Аймырзаев Қайрат Сейділдәұлы арнайы келді. Марапаттау барысында жеңіспен оралған Назерке әріптесімізге құттықтау сөздер айтылып, мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы кәсіподақ ұйымының атынан 100 000 тг ақшалай сыйлықты табыстады. Назерке әріптесімізге толағай табыс, зор денсаулық тілейміз.

Сонымен бірге “Ұлттық мектеп лигасы” облыстық финалда Қол добы(Қыздар) командасы 5-6 сынып 2 орын, 7-8 сынып оқушылары 3 орын және жеңіл атлетикадан (ұлдар ) 5-6 сынып оқушылары 2 орын иеленді. Жеңімпаздарымызды және жаттықтырушылары Тастанбек Қазыбек пен Дүйсенбиев Әділбекті марапаттады.

 

Толық ақпарат Facebook парақшамызда