М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мазмұнды әрі пайдалы кездесу ұйымдастырылды

Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5.05.2026 жылы кәсіби бағдар беру педагогы Мыңбаев Мадияр Қалтайұлының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мазмұнды әрі пайдалы кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге "ЗАРЕЧНОЕ" БҚ АҚ ЖҰШ кенішінің директоры Ширдебаев Мухтар Айдарович, Кеніштің Өндірістік қауіпсіздік басқарма бастығының орынбасары Абдулин Махмуджан Ахмаджанович, Кеніштің РҚ және ҚОҚ инженері Хайнарбаев Махсат Пернебаевич қатысты. "ЗАРЕЧНОЕ" БҚ АҚ кеніші директоры мен білікті мамандары 10-11 сынып оқушыларымен жүздесіп, кен өндірісі саласындағы мамандықтар мен еңбек жолы туралы жан - жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында оқушылар кеніштегі түрлі кәсіп түрлері мен танысып қана қоймай, әр мамандықтың ерекшелігі, жұмыс барысы, талаптары, еңбек жағдайы және жалақы жүйесі туралы нақты мәліметтер алды. Сонымен қатар мамандар өндірістегі заманауи технологиялар мен жаңашылдықтар айтып, бұл саланың болашағы зор екеніне тоқталды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей жауап алып, пікір алмасты.Бұл олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына деген қызығушылығын арттырып, нақты бағыт - бағдар алуына мүмкіндік берді.

Кездесу соңында компания өкілдері оқушыларға естелік ретінде арнайы сыйлықтарын табыс етіп, жылы лебіздерін білдірді.Ал мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы өз кезегінде қонақтарға ризашылығын жеткізіп, жас ұрпаққа бағыт - бағдар беріп, мазмұнды ақпаратпен бөліскені үшін шынайы алғысын білдірді