М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Қызық екен" бағдарламасы аясында ерекше кеш өтті.

Қызық екен бағдарламасы: тілді насихаттауға арналған ерекше кеш

Тіл – халықтың рухани қазынасы, мәдениеті мен тарихының айнасы. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында « М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің» ұстаздары Саттарқұл К, Тоқсанбаева А, Бекболатова Т ұйымдастыруымен "Қызық екен" бағдарламасы аясында ерекше кеш өтті.

Кештің басты мақсаты – тілдің маңыздылығын насихаттау, мұғалімнің жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалану, интеллектілік және дүниетанымдық қабілеттерін болды. Бұл шара барысында мұғалімдер қазақ тілінің әсемдігін, көркемдігін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Іс-шара бірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде тілге қатысты қызықты фактілер мен тарихи деректер ұсынылды. Қатысушылар қазақ тілінің байлығына, оның көне заманнан келе жатқан сөздік қорына таңданыспен қарады. Екінші бөлімде ұстаздар арасында тілдік ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қазақ әдебиетінен үзінділер оқылып, көркем сөз шеберлері өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Қатысушылар кештен үлкен әсер алып, тілдің маңыздылығын тағы бір мәрте ұғынды. Ұйымдастырушылар бұл шараның жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті.

"Қызық екен" бағдарламасы аясындағы бұл кеш ұстаздар тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, оны насихаттаудың жаңа жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай игі бастамалар ұлт болашағы үшін аса маңызды екені сөзсіз

Толық ақпарат Facebook парақшамызда