Түркістан облысы Отырар ауданы
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Жаратылыстану - әлем үндестігі" айлық іс - шарасы аясында биология пәнінің мұғалімдері Маженова Майра мен Сапарбаева Жұлдыздың ұйымдастыруымен мектеп педагогтері арасында "Қызық екен" интеллектуалды сайысы болып өтті. Интеллектуалды сайысқа мектеп мұғалімдері қатысты. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жаратылыстану пәндерінен түрлі, қызықты сұрақтар ғылыммен байланыстыра отырып берілді.Сайыс соңында 1-топ мүшелері ағылшын пәнінің мұғалімі Бекмұханбетова Аягөз, тарих пәнінің мұғалімі Үкібаева Еркеайым, " Дебат" үйірме жетекшісі Амантай Бақдәулет жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табысталды.