М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ!»

«ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ!»

2025 жылғы 06 ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарының негізінде Түркістан облысы, Отырар аудандық білім бөліміне қарасты “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 03 ақпан күні 10 - сынып жетекшелерінің ұйымдастыруымен “Халық таңдауы - ел болашағы” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға сайлау жүйесінің маңыздылығын түсіндіру, олардың азаматтық белсенділігін арттыру және демократиялық үрдістермен таныстыру болды.

Іс-шараның барысы:

  • Оқушыларға сайлау құқығы мен процедуралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  • Сайлау учаскесі ұйымдастырылып, сайлау жәшігі қойылды.
  • Кандидаттар өздерінің бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
  • Дауыс беру рәсімі өткізіліп, нәтижесі жарияланды.

Бұл тәжірибелік сайлау арқылы оқушылар шынайы саяси процестерді түсініп, болашақта саналы таңдау жасаудың маңызын ұғынды.Жиынға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Дүйсенханов қатысып, өткізілген іс-шараға оң бағасын берді.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда