М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Әліппе әлемі- әріптермен әдемі” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті.

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1“А” , 1“Ә”, 1"Б" ,1"В" сыныптарында “Әліппе әлемі- әріптермен әдемі” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.

Ертеңгілікті балалар көрініспен бастады. Өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. Ортада мың бұралып би де биледі. Әліппе ханды машинамен шығарып салып, ана тілін қарсы алды. Оқушылар ертеңгілікті хормен аяқтады. Оқушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Сахна мәдениетін сақтауды үйренді. Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғаппарқызы және бастауыш сыныптар бойынша ДТІЖО Алтаева Гүлназ апай оқушыларға, ата- аналарға , сынып жетекшілері Бердібекова Әтіркүл Әмзеқызына, Айдарханова Алмагүл Серікқызына, Балабиева Ақмарал апайға және Аймурзаева Гулжамал Ахметқызына  алғыстарын білдірді. Ата - аналар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.

 

Толық ақпарат Facebook парақшамызда

Толық ақпарат Facebook парақшамызда