М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Үлкен жеңіс, зор мақтаныш!»

✨«Үлкен жеңіс, зор мақтаныш!»

Түркістан обылысы

Отырар ауданы

М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.12.2025.ж.

Біздің мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қалдыбай Ұлту Бауыржанқызы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасына ағылшын тілі пәнінен қатысып, білім додасында жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болған қызымызды үлкен ықласпен күтіп алдық..Бұл жеңіс – оқушының тынбай ізденуінің, терең білімінің, өзіне деген сенімінің және жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Республикалық деңгейде І орын алу – әрбір білім алушы үшін үлкен жетістік әрі мәртебе.Жеңімпаз оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз.

Жетекші ұстазы,әрі анасы Таскентбаева Замира Мақатайқызына зор алғыс білдіреміз!

Осындай жарқын жеңіс жас ұрпаққа үлгі, ал білім ордасы үшін зор мақтаныш. Жеңімпаз оқушымызға алдағы уақытта да тек сәттілік, жаңа жеңістер мен биік шыңдар тілейміз!

Тек жеңіске жетіп қана қоймай, өз білімімен, қабілетімен дараланған оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз. Болашақта халықаралық деңгейде еліміздің атын шығарады деп сенеміз!