М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ҰЛТ НАМЫСЫ БОЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА” БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 115-ЖЫЛ

“ҰЛТ НАМЫСЫ БОЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА” БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 115-ЖЫЛ .

Біртұтас тәрбие бағдарламасы :Балалар кітапханасы аясында құрылған “ОҚИТЫН СЫНЫП” жобасының жұмыс жоспарына сәйкес ,6 “А” сыныбы оқушыларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры ,жазушы ,әскери жауынгер Бауыржан Момышұлына арналған іс -шара өткізілді .

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырының өмірі мен ерлігі ,өнегелі істерін насихаттай отырып,Отанға деген ,өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ерлігін үлгі ету ;

Оқушылар Б.Момышұлының өмірбаянынан бастап ,өмірінің соңына дейін атқарған еңбектерін ,алған білімін ,соғыс кезіндегі басынан кешкендерін ,соғыстан кейін немен айналысқанын ,қызығушылықтары жайлы өздерінің оқып ,ізденгендерін көрсете білді .

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Байсбаев Біржан ағай тәрбие сағатына қатысып ,оқушыларға өз лебізін білдіріп ,сәттілік тіледі .

 

Толық ақпарат facebook парақшамызда