М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұлттық мектеп лигасы" жеңіл атлетика

"Ұлттық мектеп лигасы"

Бүгін Түркістан қаласында жеңіл атлетикадан өткен "Ұлттық мектеп лигасы" облыстық финалдық жарысында Отырар ауданы "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5-6 сынып ұлдар командасы жүлделі ІІ-орынға ие болды.

Жарыс барысында оқушылар жоғары шеберлік пен ұйымшылдық танытып, қарсыластарына өздерінің дайындық деңгейлерін көрсетті. Оқушыларымыз жарыс кезінде жігер мен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Бұл жеңіске оқушылардың тек спорттық шеберлігін емес, тәртіп пен қажырлы еңбектің нәтижесі екені көрінді. Осындай керемет нәтиже көрсете білген команда жаттықтырушысы Дүйсенбиев Әділбектің еңбегі орасан зор.