М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұлттық мектеп лигасы"

"Ұлттық мектеп лигасы"

03.03.2025 жылы Түркістан қаласында гандболдан 5-6 сынып қыздар командалары арасында өткен "Ұлттық мектеп лигасы" облыстық финалдық ойынында Отырар ауданы "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің командасы жүлделі ІІ-орынға ие болып. Отырар ауданының намысын қорғап келді.

Жарыс барысында оқушылар жоғары шеберлік пен ұйымшылдық танытып, қарсыластарына өздерінің дайындық деңгейін көрсете білді. Әр ойында жігер мен жеңіске деген құлшыныс көрсеткен біздің қыздарымыз шешуші сында ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Бұл жеңіс оқушылардың тек спорттық шеберлігін емес, тәртіп пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін көрсетті. Бұл жетістікке команда жаттықтырушысы Тастанбек Қазбектің сіңірген еңбегі орасан зор екенін айтқымыз келеді.