М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Ұлттық мектеп лигасында жеңімпаз атанды

Ұлттық мектеп лигасында жеңімпаз атанды

7-8 сынып оқушылары футзалдан аудандық Ұлттық мектеп лигасында жеңімпаз атанды

Түркістан облысы, Отырар ауданы, "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің" 7-8 сынып оқушылары футзалдан өткен аудандық Ұлттық мектеп лигасында үздік ойын көрсетіп, I орынды иеленді.

Жарыс барысында оқушылар жоғары шеберлік пен ұйымшылдық танытып, қарсыластарына өздерінің дайындық деңгейін дәлелдей білді. Әр матчта жігер мен жеңіске деген құлшыныс көрсеткен мектеп командасы шешуші сында ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Бұл жеңіс оқушылардың тек спорттық шеберлігінің емес, тәртіп пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін көрсетті. Жеңімпаз команда алдағы облыстық кезеңде өз мектебінің намысын қорғауға дайын екенін айтты.