М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ұлттық ойын – ұлттың асыл мұрасы. 20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ.

20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ.

Түркістан облысы. Отырар ауданы.

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Наурызнама» онкүндігі аясында дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындары өткізілді. Мақсаты:

Оқушыларды ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтына баулу, қазақ халқының салт - дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелеу және ұйымшылдыққа баулу. Ойын өте көңілді әрі тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай ұлттық ойындар өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, денсаулықтарын нығайтуға зор ықпал етеді.

⚜️ Ұлттық ойын – ұлттың асыл мұрасы. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық рух қалыптасып, салт - дәстүрге деген құрмет арта түседі.

#Адал_Азамат

#Біртұтас_тәрбие

#nauryznama2026

#Ұлттықспорткүні

#ҰлттықҚұндылықтар