Ұлы Жеңіс — өткеннің ғана емес, болашақтың да аманаты.
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 « В , Г » сынып жетекшілері Сейтхан Жазира мен Асилханова Жадыраның ұйымдастырумен «Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағат өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Жеңістің мән-маңызын түсіндіру;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу;
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен азаматтарының ерлік істерімен таныстыру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Ұлы Жеңістің маңыздылығын, батырлардың ерлігін ұмытпай, олардың есімдерін мәңгі есте сақтау керектігі туралы түсінді , тарихи санасын қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған. Тәрбие сағаты барысында батыр бабаларымыздың ерліктері мен Ұлы Жеңістің маңыздылығы туралы әңгімелер, бейнероликтер, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуға білді.
Ұрпақтар сабақтастығы арқылы бейбіт өміріміздің қадірін білу — біздің ортақ міндетіміз.