"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.11.2024 жылы «Жасанды интеллект және оның математикалық негіздері» тақырыбында «математика және информатика» пәндері айлығының ашылуы болып өтті.
Мақсатты: Жасанды интеллекттің мәні мен маңызын түсіну; Жасанды интеллекттің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен қоғамдағы рөлін анықтау.
Шара барысында қатысушыларға айлық жоспар таныстырылып және жасанды интеллектті пайдаланып, ақын жазушылардың бейнесі арқылы оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды.
Іс-шара соңында қорытынды сөз мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызына берілді. Сөз соңында "математика және информатика" пәндер бірлестігіне сәттілік тілеп, жоғары баға берді.