М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Мейірімділік пен игі істер”

Бүгін 4 “Ә” сыныбы “Мейірімділік пен игі істер” тақырыбында сынып сағатын өтті. Оқушылар мейірімді болудың маңыздылығын түсініп, жақсылық жасаудың қуанышын сезінді. Жақсылық жасайық, достар!

Жақсылық — жанның нұры, мейірімділік — жүректің жылы лебіі дегендей, бүгінгі сынып сағатымызда балалар мейірімді болудың, бір-біріне жанашыр болудың мәнін ұғынып, игі істерге ұмтылудың алғашқы қадамдарын жасап, өсімдіктердің шөбін жұлып, құстарға ұя жасап,табиғат бұрышына тазалық жүргізіп, өз көмектерін берді. Әлемді жақсы жаққа өзгерту өз қолымызда.

Бүгінгі 4 “Ә” сынып оқушыларымен

“Мейірімділік пен игі істер” атты сынып сағатына оқушылар мейірімділік туралы өтілген ашық сабағында балалар тақпақтар айтып, жылы лебіздерін арнады.

Бүгін 4 “Ә” сынып жетекшісі Қасым Жаңагүл өз сыныбының оқушыларына “Мейірімділік пен игі істер” атты ашық сабаққа қатыса отырып мейірімділікті, жанашырлықты, жақсылық жасауды тереңінен түсіндіре білді.

Оқушылар “Жақсы сөз – жарым ырыс”, “Жақсылық жасап жарысайық!” деген ұрандарымен мейірімді болуға шақырды. Әр бала — жақсылықтың жаршысы!

Толық ақпарат Facebook парақшамызда