М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мектебіміздің мақтаныштары"

«Ел мақтанышы»

М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша «Республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық» бағытында жүлделі ІІ-орын иемденген, мектебіміздің атын асқақтатқан 10-сынып оқушысы Қалдыбай Ұлту Бауыржанқызы. Жетекшісі: Таскентбаева Замира Мақатайқызының марапаттау салтанатты кеші өткізілді. Жеңіс- тек бастамасы. Сонымен қатар «Үздік авторлық» бағдарламасы бойынша аудан,облыс кезеңдерінен І-орын алып, Республика төрінен орын алған директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары Сыздықова Ақмарал Шалдарқызы, және жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша география пәнінен 11-сынып оқушысы Құдайберген Розаның жетекшісі Жанбатырова Аийда Шарифуллақызы марапатталды. Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы құттықтау сөз сөйлеп,жеңіс-қажырлы еңбек пен талай ізденістің жеңісі екенін атап өтті. Білім бәйгесінде оза шауып, жүлделі орын алған Қалдыбай Ұлту Бауыржанқызы тек өз мектебіміз ғана емес, аудан, облысымыздың мақтанышы. Білімді жас ұрпақ-еліміздің болашағы!

Толық ақпарат Facebook парақшамызда